Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі •

    «45 млн теңге»: алаяқтық жасаған жігіт Польшадан экстрадицияланды

    «45 млн теңге»: алаяқтық жасаған жігіт Польшадан экстрадицияланды

    Елге көлік әкеліп беремін деген сылтаумен ақша жымқырған алаяқ қамауға алынды. 45 млн теңгенің алаяқтығын жасаған күдікті Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп жүріп күдіктіні Польшадан экстрадициялады.

    «Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндетін орындамай, жасырынған деген күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада.

    Қашқын ақпанда Бодзентын қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол ұстау изоляторына қамауға алынған.

    Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →