Басты бет » Алма-Арасан шатқалында үстіне тас құлаған студент қайтыс болды

Алма-Арасан шатқалында үстіне тас құлаған студент қайтыс болды

Screenshot

Алматының Бостандық ауданындағы Алма-Арасан шатқалында 2 мамыр күні жартас құлады. Ол кезде зардап шеккендер жоқ деп хабарланған еді, деп хабарлайды Qazaq.today.

7 мамырда белгілі болғандай, үстіне тас құлап, қыз көз жұмды.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Төбеден төменге опырылып құлаған тас ағаштан жасалған демалыс орнының бір бөлігін де қиратып өткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.

«Бізді құдай сақтап қалды. Тас шешінетін бөлмені қиратып тастады. Мен ол кезде душқа түсіп жатқам.Тас құлады мына жерге»,  — дейді оқиғаны көрсеткен жігіт кадр сыртында.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика