Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі Астанадағы дрон шоуын ұйымдастырушыларға 2 млн теңгеден астам айыппұл қауіп төніп тұр Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі Астанадағы дрон шоуын ұйымдастырушыларға 2 млн теңгеден астам айыппұл қауіп төніп тұр

    «Мүгедек балаларды пайдаланған»: Перизат Қайратқа қатысты жаңа тергеу тіркелді

    «Мүгедек балаларды пайдаланған»: Перизат Қайратқа қатысты жаңа тергеу тіркелді

    2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.

    П.Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.

    П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан.

    Сонымен қатар, П.Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған.

    Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр.

    Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →