Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

    Елена Рыбакина Қазақстан құрамасына кезекті рет келмейтін болды

    Елена Рыбакина Қазақстан құрамасына кезекті рет келмейтін болды

    Теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты саналатын «Билли Джин Кинг» турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі шықты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Қазақстан 16-17 қараша күндері Астанада Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. «Билли Джин Кинг» кубогының ресми сайты екі құрама сапында ойнайтын теннисшілер құрамын жариялады.

    Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Елена Рыбакина жоқ. WTA рейтингінде 5-орында тұрған теннисшінің неліктен қатыспайтыны әзірге белгісіз. Бұған дейін Олимпиада және өзге де командалық жарысқа қатыспаған еді. Құрамға Зарина Дияс (379) оралған. Ол жуырда ғана Түркияда өткен турнирде топ жарды.

    Қазақстан құрамасы

    Юлия Путинцева (WTA рейтингіндегі орны – 29)
    Жібек Құламбаева (311)
    Зарина Дияс (379)
    Анна Данилина (жұптық сайыста 23-орында)

    Оңтүстік Корея құрамасы

    Да Ён Бак (324)
    Со Хён Пак (374)
    Ку Ён Ву (437)
    Да Бин Ким (980).

    Фото: prosports.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →