Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты

    Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты

    Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстандық көкпаршылар жартылай финалда Ресей командасын 18:2 есебімен ұтты. Финалда Қазақстан Қырғызстан – Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.

    «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түсуде.

    Финалдық ойын 12 қыркүйекте өтеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →