Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Еліме ризамын!» – Рыпакова спорттан кетті

    Олимпиада чемпионы әрі күміс және қола жүлдегері, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясынан мәлім еткеніндей, атақты атлет бұл туралы Астанада жеңіл атлетикадан өткен жабық кешендегі Х Азия чемпионатында хабарлады.

    «Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», деді О.Рыпакова.

    Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алғысхат жолдады.

    Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының эстафетадан чемпион атанды. Сондай-ақ қазақстандық жеңіл атлеттер бесінші алтын медаль алды. Қазақстан қоржынына 6-алтын медаль түсті.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →