Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1938 жылдан бүгінге дейін: «Қазақмыс» Балқаш зауытының жаңа даму кезеңін қалыптастыруда • Блогер Ырысбала Икрамбайдың тойда ақша шашуы сынға қалды • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Келіншегін қимаған: Павлодар облысында бұрынғы әйелімен татуласқысы келген жігіт сотталып кетті • Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты • 1938 жылдан бүгінге дейін: «Қазақмыс» Балқаш зауытының жаңа даму кезеңін қалыптастыруда • Блогер Ырысбала Икрамбайдың тойда ақша шашуы сынға қалды • Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханы қызметтен босатты • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Келіншегін қимаған: Павлодар облысында бұрынғы әйелімен татуласқысы келген жігіт сотталып кетті • Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты •

    Халқы митингке шығып жатқанда Құлсары әкімдігі ойын алаңы үшін 1,8 млрд теңгенің тендерін өткізді

    Халқы митингке шығып жатқанда Құлсары әкімдігі ойын алаңы үшін 1,8 млрд теңгенің тендерін өткізді

    Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Құлсары қаласы әкімі аппараты лот жариялап, 2024 жылы 26 сәуір күні тараптар шарт жасасқан.

    Конкурс рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткен. Әлеуетті өнім беруші ретінде «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалған.

    Шарт атауында тұрғын емес ғимараттарды / құрылыстарды салу бойынша жұмыстар екендігі көрсетілген. Алайда шарттың техникалық сипаттамасында құрылыс алаңы туралы толық ақпарат жоқ.

    «Барлық жұмыстар жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалады. Өнім беруші шарт жасалғаннан кейін жұмыс кестесін ұсынуы тиіс сондай ақ шарт жасалғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде материалдық техникалық базаны растайды», – делінген шартта.

    Дегенмен осыған ұқсас инфрақұрылым құрылысы және аулаларды абаттандыру бойынша жарияланған өзге мемлекеттік тапсырыс сипаттамасында ойын алаңы туралы деректерді табуға болады.

    Аталған шарт 2024 жылы 30 сәуір күні тікелей бір көзден сатып алу әдісі арқылы бекітілген. Құны – 17 641 981 теңге. Бұл сомаға кәсіпорын авторлық/техникалық қадағалау бойынша қызметтер көрсетуге тиіс.
    Онда аталған нысанның бас жобалаушысы – «ВИБО-СТРОЙ» ЖШС екендігі көрсетілген. Қызылорда қаласында тіркелген кәсіпорынның жетекшісі – Марат Атабаев.

    Қорытындыда Құлсары қаласы әкімінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы №81 шешімімен ауданы 10,7276 гектар жер учаскесі 5 жыл мерзімге уақытша пайдалануға берілгендігі айтылады.

    Құрылыс нысаны жайында «Ойын алаңының негізгі мақсаты – балалардың демалысы мен ойын-сауық орны ретінде қызмет ету. Жарқын, қызықты балалар ойын алаңдары баланың бос уақытын әртараптандыруға және оны қызықты өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Олар тек ойын-сауық емес, сонымен қатар дамытушылық, тіпті тәрбиелік мәнге ие», делінген.

    Сонымен қатар, тапсырыс берушінің құрылыс жүргізу барысында отандық өндірушілердің құралжабдықтарын, материалдарын және конструкцияларын барынша көп қолдануы қажет екендігін атап өткен.

    Айта кетелік, Құлсары – су тасқынынан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі. Қазір тұрғындар қирап қалған баспана үшін берілетін өтемақы мөлшері мен төлеу мерзіміне наразылықтарын білдіріп, бес күннен бері наразылық танытып жатыр. Олар қираған тұрғын үй үшін өтемақы көлемін әкімдік уәде еткен шаршы метріне 200-240 мың теңгенің орнына 400 мың теңгеден белгілеуді талап етіп отыр. Әрі ақшаны құрылыс компанияларына емес, өздеріне аударуды сұраған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →