Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен •

    Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сотталды

    Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сотталды

    Жоғарғы сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот депутаттың ұлына қатысты шыққан шешімді өзгертті, — деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2023 жылдың қазанында Алматы әскери соты депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті ұрды деп айып тағылған еді. Сол кезде сот 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл тағайындаған болатын. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсына 500 мыңнан моральдық зиян сомасы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1 600 000 теңге сомасында шығыс өндірілген.

    «Апелляциялық инстанция сот үкімін өзгертті, Болат Н.-дан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкіл қызметіне 400 000 теңге төлеуге кеткен шығын өндірілді», — деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

    Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің арызы бойынша өткен. Жәбірленушілер Жоғарғы сотта сот актілерін өзгертіп, депутаттың ұлын бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    «Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертті, Болат Н.-ға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және моральдық шығынды өтеу мөлшері әрқайсы үшін бір миллион теңгеге дейін ұлғайтылды», — деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

    Осылайша, Жоғарғы сот істі қарап, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, айыппұл түріндегі жаза күшін жойып, бас бостандығын шектеуді белгіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →