Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында тағы бір келіншек өзіне қол салды «Келіндеріме ұнамауы мүмкін»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі күтпеген жазба жариялады Ертісте 4 күн іздестірілген ер адамның денесі табылды Зайсан жағасында қоқысты шұңқырға көміп жатыр: тұрғын әкімдіктен тексеруді талап етті «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді

    Қазақстандық ғалымдар балаларға хиджама жасауға қарсы петиция жариялады

    Атырауда сәбилерге арналған хиджама (қан алу) процедурасы резонанс тудырғаннан кейін қазақстандықтар мұндай айла-шарғыны балаларға жасауға тыйым салу туралы петиция бастап, жаппай қол қойып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Хиджама — бұл қан шығару процесі, ол теріні тілу арқылы жасалады. Бұл әдіс ортағасырлық медицинада танымал болған, бірақ қазіргі дәлелді медицинада бұл процедураға жүгіну өте шектеулі.

    Денсаулық сақтау министрлігі хиджама лицензияланған медициналық көмекке жатпайтынын растады. Соған қарамастан, хиджамамен айналысатын дәрігерлер қызмет көрсетуді және соның ішінде балаларға да ұсынуды жалғастырып отыр.

    Бір топ қазақстандық медицина саласының мамандары мен ғалымдары Денсаулық сақтау министрлігін баламалы медицина тәжірибесі мен хиджаманы қолданумен байланысты әрекеттерді, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты осы тәжірибені қолдануды реттеуге араласып, шара қолдануға шақырған петиция бастады.

    Екі күн ішінде оған 11 мыңнан аса азамат қол қойған. Петицияны мына жерден оқи аласыз.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →