Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қызыл әскер медальоны 85 жылдан кейін Қазақстанға қайтарылады •

    Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

    Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

    Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды
    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мәлім етілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

    Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

    Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге биылғы алғашқы сапарын Еуропадан бастап отыр. Мемлекет басшысының ресми сапарынан не күтеміз және бұған дейін қос ел арасында қандай қарым-қатынас болды? Кazinform сарапшысы бұл жөнінде шолу материал ұсынған еді.

    Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды
    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
    Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды
    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →