Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Тоқаев Бакуде Қатар Әмірімен кездесті • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Тоқаев Бакуде Қатар Әмірімен кездесті •

    Екі дүркін Олимпиада чемпионы 9 жылға сотталды

    Мәскеу маңындағы Химки қалалық соты америкалық баскетболшы Бриттни Грайнерді тоғыз жыл бас бостандығынан айырып, контрабанда үшін 1 миллион рубль айыппұл төлеуді міндеттеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

    Сот шешімі бойынша Грайнер абақтыға қамалады.

    Басылым мәліметінше, спортшы кінәсін толық мойындап, Ресейде тыйым салынған затты емдік мақсатта қолданатынын айтқан. Яғни, Аризона штатында Грайнердің дәрігері марихуананы емдік мақсатта қолдануға рұқсат берген екен.

    Тек Ресейге шығар алдында заттарын тез жинағандықтан, тыйым салынған зат киімдерінің арасында қалып кеткен көрінеді. Осыған қатысты ол УГМК командасы мен ата-анасынан кешірім сұрайды.

    Еске салайық, ақпан айында Нью-Йорктен Мәскеуге ұшып келген америкалық баскетболшыны Шереметьево әуежайында полиция қызметкерлері тұтқынға алған еді.

    Грайнер — әлемдегі ең беделді баскетболшылардың бірі. Ол АҚШ құрамасының сапында екі рет Олимпиадада жеңсе, 2014 жылы Финикс сапында WNBA чемпион атанды. 2015 жылдан бастап Екатеринбургтің УГМК командасында ойнаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →