Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды •

    Қазақстан спортшылары хоккейден әлем чемпионатына қатысады

    10-16 желтоқсан аралығында Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты болады. Бұл – IA дивизионы. Онда Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнайды.

    Әлем чемпионатына қатысудағы мақсат – келесі жылы өтетін элиталық дивизионға жолдама алу. Қазақстан додаға 25 хоккейшіні апарады. Ал әлем чемпионатына 23 ойыншы (үшеуі қақпашы) тіркелуі керек.

    Қақпашылар – Владимир Никитин (Chilliwack Chiefs, BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор»), Артем Шестаков («Снежные барсы, ЖХЛ);

    Қорғаушылар – Бейбарыс Оразов, Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (бәрі де – «Снежные Барсы»), Диар Манаш, Даниал Шақшақбаев («Номад», Pro Ligasy), Дмитрий Бреус («Чайка»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен);

    Шабуылшылар – Руслан Оспанов, Всеволод Логвин (екеуі де – «Барыс»), Әділ Бейсембаев, Асанәлі Русланұлы, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (бәрі де – «Снежные Барсы»), Александр Ким, Давлат Нүркенов (екеуі де – Assat, Финляндия).

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →