Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Президент еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    «Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар.

    Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын іске асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды президент өзінің Х парақшасына.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →