Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Алматыда классикалық музыка кеші өтеді Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Алматыда классикалық музыка кеші өтеді

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір айда 1,3 млрд теңгенің есірткісін тәркіледі

    Есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі қауіптерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асыруда, — деп хабарлайды qazaq.today тілшісі gov.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

    ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлауынша, есірткі қауіптерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылғаны белгілі болды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды. «Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 келі есірткі, оның ішінде 61,8 келі синтетикалық есірткі (206 мың «бір реттік дозаға» баламалы), 6 келі марихуана, 52,7 келі гашиш тәркіленді. Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», — делінген хабарламада. Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы «қара нарықта» 1.3 млрд теңгеден астам сомаға бағаланған. Осы орайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатқанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →