Басты бет » Астанада екі жұмысшы биіктен құлап қаза тапты

Астанада екі жұмысшы биіктен құлап қаза тапты

Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы жоғарыдан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 10 тамызда «Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды», — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында мерт болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — дейді ведомстводан.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика