Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Павлодарда 4 жасар бүлдіршін жоғары қабаттан құлап көз жұмды

    Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 10 тамызда сағат 22:35-те Ак.Шөкин көшесіндегі үйде 2019 жылы туған қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

    «Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Аталған факті тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді департаментте.

    Полиция департаментінде қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Терезелерді ашық қалдырмауға, металл торлар орнатуға, баланы тіпті қысқа мерзімге де қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →