Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жаңа оқу жылының ұзақтығы белгіленді

    Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты сарапшылар шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап.

    Ғани Бейсембаев сарапшылардың өткен жылғы оқу мерзімін қалдыруды ұсынғанын айтты.

    «Сарапшылар шешім қабылдады, ғалымдар да шешім қабылдап, оқу жылын 36 апта етіп қалдыруды ұсынады», — деді министр.

    Десе де, министр бұл ұсыныс қоғаммен талқыланатынын айтты.

    «Қазір министрлік түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, енді бұл ұсынысты бүкіл ел бойынша ата-аналар мен мұғалімдермен бірге талқылау қажет. Қазір біздің мамандар облыстарды аралап, ата-аналармен, балалармен, мұғалімдермен кездесіп, соңғы шешімнің қандай болатынын талқылап жатыр», — деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →