Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді • Алматыда 9 жасар балаға қатысты күдікпен көршісі ұсталды • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді • Алматыда 9 жасар балаға қатысты күдікпен көршісі ұсталды •

    ШҚО-ғы жол апатынан 3 адам қаза тапты

    ШҚО-да бір күнде адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 шілде болған.

    «Сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тасжолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

    Келесі жол апаты сағат 13:30 шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолының 53 шақырымында болып, соның салдарынан екі адам қаза тапты. Бірнеше жолаушы дене жарақатын алды», — делінген хабарламада.

    Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

    «Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады», — дейді тәртіп сақшылары.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →