Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді? Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат Қарағанды орталығында жаңа асфальт тас-талқан болып жатыр: Ауыр жүк көліктерін кім жіберді?

    Шығыс Қазақстан облысындағы өртті сөндіруге 5 тікұшақ жіберілді

    Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданындағы Асубұлақ орманшылығы аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерде тұтанған құрғақ шөп пен бұта өртін сөндіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Облыстық ТЖД хабарлауынша, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

    «Өртті сөндіру үшін жедел шаралар қабылдануда, аумағы шамамен 20 га құрайды. Өртті сөндіруге су құю құрылғысы бар ШҚО авиабөлімшесінің, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 және Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшақтары жұмылдырылған, қазіргі таңда 723 рет су төгілді», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ден астам адам, 25 бірлік техника, ШҚО авиабөлімшесінен 2 тікұшақ, «Қазавиақұтқару» АҚ-дан 2 тікұшақ және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы жұмылдырылған.

    Еске салсақ, аталған аумақтағы өрт 3 шілдеде тұтанған болатын.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →