Өзбекстанның бірінші ракеткасы 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу жөнінде шешім қабылдады
Өзбекстанның бірінші ракеткасы Камилла Рахимова 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуды басты мақсат екенін растады. Ол 2025 жылы Ресейден Өзбекстанға ауысқан.
Сурет: sports.kz
Өзбекстанның бірінші ракеткасы Камилла Рахимова (әлемдегі 45-ші ракетка) жақын жылдарға арналған басты мақсатын айқындап, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысу ниетін растады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
— 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?
— Иә, әрине, бұл — басты мақсат. Іріктеуден өтіп, қатысамын деп үміттенемін.
Рахимова 2025 жылдың желтоқсанында Ресей туынан Өзбекстан туына ауысқан. Спорттық азаматтығын ауыстырғаннан кейін ол бірден елдің бірінші ракеткасы атанды, бұған дейін Өзбекстанға ауысқан Мария Тимофееваны басып озды. Осы жылдың 13 қазанында Пекиндегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыққан соң, елдің бірінші ракеткасы атағын Тимофеева қайтарып алды (63-ші орын, Рахимовада 69-шы). Алайда 2 қарашада Камилла Токиодағы WTA 500 турнирінің жартылай финалына шығып, мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте 44-ші орынға көтеріліп, көшбасшылықты қайтарды.
