Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 27 қараша 2026 $ 458,3↓€ 503,1↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Қазақстанға оралды • Кино арқылы қарым-қатынастағы қызыл жалаушаларды тану • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Қазақстанға оралды • Кино арқылы қарым-қатынастағы қызыл жалаушаларды тану •

    Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек

    Тоқаев AI Journey 2026 конференциясында интернеттің «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керегін айтып, цифрлық экономика міндеттерін атады.

    Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек

    Сурет: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында сөйлеген сөзінде елімізде электронды қаржы қызметінің дамығанына тоқталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    – Елімізде технологиялық кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасалған. Былтыр отандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Стартаптар мен технологиялық компанияларға қолдау көрсететін Astana Hub технопаркі табысты жұмыс істеп тұр. 2019 жылдан бері Astana Hub орталығына тіркелуші компаниялардың жиынтық кірісі 7 миллиард долларға жуықтады. Қазіргі кезде Astana Hub аясында 2700 стартап пен компания қызмет көрсетеді. Алғашқы «сыңармүйіз стартап» та пайда болды. Қазір оның соңынан басқа да компаниялар ілесіп келеді. Higgsfield деп аталатын стартаптың құны бір жылда 10 миллиард долларға шарықтады, компанияның капитализация деңгейі ұдайы өсіп келеді. Оның негізін қазақтың екі талантты жігіті қалаған. Мен «халықтық цифрлық экономика» құру міндетін қойдым. Интернет заңды кәсіппен айналысып, пайда тапқысы келетін адамдарға қызмет етуге тиіс. Басқаша айтқанда, интернет – «қоқыс жәшігі» емес, жасампаз шығармашылық пен өнімді еңбектің кеңістігі болуы керек. Азаматтарды цифрлық құралдар арқылы жұмыспен қамту үшін нақты шаралар қабылданып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент келешек цифрлық экономикаға маман даярлау ісіне айрықша мән беріліп отырғанын жеткізді. AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мыңнан аса студент жасанды интеллектіні қолданудың практикалық дағдыларын меңгеруде.

    – Инфрақұрылым мен мамандардың сақадай-сай болуы технологиялық серпіліске кепіл емес екенін біз жақсы түсінеміз. Төл әзірлемелер болуы қажет. Ең бастысы, оны экономиканың кәдесіне жаратқан жөн. Дәл осы себепті жақында Астанада өткен Digital Bridge форумында AI Challenge бастамасын ұсындым. Оның мақсаты – кәсіпорындар мен бағдарлама әзірлеушілерді нақты өндірістік міндеттерді шешуге жұмылдыру. Ресеймен арадағы серіктестігімізде де осындай тәсілге қажеттілік туындайды деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →