«Марқұм анамның дұғасы»: Наркенже Серікбаева қуанышты хабарын айтты
Фото: видеодан скрин
Әнші Наркенже Серікбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Өнер иесі Астанадан баспана алып, қоныс той жасады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Астанадан баспана алдым! Әуелі Алла, сосын тілеулес қазағымның арқасында Астанадан үй алдым. Қандай жетістікке жетсем де марқұм анамның дұғасы, елдің тілегі деп білемін. Толассыз кеп жатқан құттықтау хаттарыңызға рахмет! Бәріңізге осындай қуаныш нәсіп болсын! Шымкенттен келіп менің қуанышымды бөліскен ағаларыма, әпкелеріме, достарыма, інілеріме, сіңлілеріме алғысымды білдіремін! Жаныма жақсы адамдарды жіберген Жаратқаныма шүкір! Бір кездері арман болған дүниелерге бұл күндері қол жеткізудемін! Аллаға сансыз шүкір! Аман болыңыздар, қара орман қазағым!» – деп жазды ол.
