Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Салтанат» ансамблі 71-ші концерттік маусымын «Ұлыларға тағзым» концертімен ашты

    Алматыда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 71-ші концерттік маусымы «Ұлыларға тағзым» атты салтанатты концертпен ашылды. Кеш Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналды.

    «Салтанат» ансамблі 71-ші концерттік маусымын «Ұлыларға тағзым» концертімен ашты

    Сурет: madeniportal.kz

    Алматыдағы Almaty Theatre сахнасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 71-ші концерттік маусымына арналған «Ұлыларға тағзым» атты салтанатты концерт өтті. Ұлттық би өнерінің бай мұрасын дәріптеп, қазақ хореографиясын әлемдік мәдени кеңістікпен сабақтастырып келе жатқан ұжым осылайша кезекті шығармашылық маусымын ашты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған шығармашылық кеш ұлттық хореографияның үздік үлгілерін және Азия халықтарының мәдени алуандығын танытуға арналды. Екі бөлімнен тұратын концерттің алғашқы бөлімі «Ұлыларға тағзым» деп аталды. Бағдарламада қазақтың көрнекті композиторларының шығармаларына қойылған хореографиялық композициялар мен ұлттық би өнерінің алтын қорына енген әйгілі балетмейстерлердің туындылары ұсынылды. Ансамбль «Salt Sound» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өнер көрсетіп, ұлттық музыка мен би өнерінің көркемдік үндестігін сахнада паш етті.

    Концерттің екінші бөлімінде Азия халықтарының дәстүрлі билері біртұтас көркемдік тұжырымдама аясында көрермен назарына ұсынылды. «Азия аңыздары» бағдарламасының басты ерекшелігі – түрік және қытай халықтарының жаңа би қойылымдарының премьерасы болды. Шығармашылық кеш аншлагпен өтті. Көрермендер әрбір қойылымды ыстық ықыласпен қабылдап, өнер ұжымына қошемет көрсетті.

    «Салтанат» ансамблінің жаңа маусымы ұлттық мәдени мұраны сақтау, кәсіби хореографияны дамыту және халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайту тұрғысынан маңызды оқиға болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →