ҰҚК операциясынан кейін «Қазатомөнеркәсіп» мәлімдеме жасады
Фото: www.kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» атом компаниясы басқарма мүшесі, өндіріс жөніндегі бас директор қызметін атқарған Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Хабарлауынша, Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Қазір компания тергеу жұмыстарына көмек көрсетіп жатыр.
Ал заңнама талаптарына сәйкес тергеу кезеңінде істің мән-жайына қатысты қосымша түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеді.
