Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Астана тұрғыны актерлік курстан 1,69 млн теңгесін қайтарып алды

    Астана тұрғыны актерлік шеберлік курсы үшін төлеген 1,69 млн теңгесін қайтарып алды. Сауда департаментіне жүгінгеннен кейін мәселе шешілді.

    Астана тұрғыны актерлік курстан 1,69 млн теңгесін қайтарып алды

    Сурет: inbusiness.kz

    Астана тұрғыны «Бастаушы актер» курсы үшін төлеген 1,69 млн теңгесін қайтарып алды. Әйел фильм түсіріліміне қатысуды да қамтитын курсқа ақша төлеген, алайда сабақтар мен түсірілімдер басталмаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мәселе сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінгеннен кейін шешілді. Ведомствоның мәліметінше, әйел жеке кәсіпкермен 1 690 000 теңге тұратын курсқа шарт жасасқан. Алайда өтініш берушінің айтуынша, уәде етілген қызметтер көрсетілмеген.

    Ол орындаушыға шартты бұзу және ақшаны қайтару туралы жазбаша талап жіберген. Бірақ шартта белгіленген мерзімде қаражат түспеген.

    Аумақтық департаментке жүгінгеннен кейін жағдай шешіліп, орындаушы толық соманы қайтарған.

    Департаментте тұтынушының қызмет көрсету шартынан бас тартуға құқылы екенін, бірақ орындаушының нақты шеккен шығыстарын төлеуі тиіс екенін атап өтті. Мұндай шығыстар негізді және құжатпен расталуы керек. Егер қызметтер көрсетілмесе, орындаушы тұтынушының ақшасын негізсіз ұстап қалуға құқылы емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →