Ыстанбұлда есірткі тергеуі: 35 күдіктінің 23-і ұсталды
Ыстанбұлда есірткіге қатысты тергеу аясында 35 күдіктінің 23-і ұсталды. Ұсталғандар арасында актриса Дениз Чакыр, Өзжан Дениз және Буржу Өзберк бар.
Фото: Instagram/denizcakir
Ыстанбұлда есірткіге қатысты тергеу аясында 35 күдіктінің 23-і ұсталды. Ұсталғандардың қатарында «Ғаламат ғасыр» телехикаясындағы Шах Сұлтан рөлімен танымал актриса Дениз Чакыр, әнші әрі актер Өзжан Дениз және актриса Буржу Өзберк бар.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ыстанбұлдың Бас прокуратурасы жезөкшелік, есірткі немесе стимуляторлық заттардың саудасы, оларды әкеліп беру, есірткіні қолдану немесе сақтау істері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Күдіктілерді ұстауға олардың мәлімдемелері, куәгерлердің, соның ішінде құпия куәгерлердің айғақтары және тәркіленген ұялы телефондар мен цифрлық құралдарды талдау нәтижелері негіз болған. Прокуратура тергеу барлық салаларда жүріп жатқанын атап өтті.
