Теміртау қыста жылусыз қала ма? Тұрғындар үш жылдан бері шіріген құбырларды ауыстыруды талап етіп келеді
Фото: видеодан скрин
Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрғындар жылу желілерін жөндеу жұмыстарының сапасына наразылық білдірді.
Олардың айтуынша, үш жыл бұрын жаңа жылу магистралі тартылғанымен, әбден тозған құбырлардың бір бөлігі мен ескі ысырмалар ауыстырылмаған. Тұрғындар жыл сайын мәселені көтеріп жүргенімен, жауаптылар жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырып келеді. Желіде жарияланған бейнежазбадан тот басқан құбырларды көруге болады, ал тұрғындардың сөзінше, ескі ысырмалардан су ағып тұр. Қала тұрғындары мұндай құбырлардың жылыту маусымының соңына дейін шыдайтынына күмән келтіреді. Теміртау әкімдігі үш жылдан бері шешілмеген мәселені қолға алу үшін қақаған қыста құбырлардың жарылуын күтіп отыр ма?
Видео: @sovet__temirtau
