Қайрат Нұртастың әкесі Атырауда ұлын қолдап, сахнада бірге болды
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлын қолдау үшін Атырауға арнайы барып, сахнада бірге болған сәтін әлеуметтік желіде жариялады. Гүлзира Айдарбекова пікір қалдырды.
Сурет: sn.kz
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлын қолдау үшін Атырауға арнайы барып, екеуінің сахнада бірге болған сәтін әлеуметтік желіде жариялады. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жарияланған видеода Нұртас Айдарбеков қолына микрофон ұстап, сахнада ұлын құшақтап тұрғанын көруге болады. Ол жазбасында Атырауға арнайы ұлын қолдауға келгенін айтқан.
«Жан баламды қолдап, Атырауға келдім», – деп жазды ол.
Бұл жазбаға Гүлзира Айдарбекова да пікір білдіріп, Қайраттың бойындағы еңбекқорлық, қарапайымдылық пен мейірімділік қасиеттері әкесіне ұқсайтынын жеткізді.
«Тараздың екі шеті болады балам, папаңның ер мінезді қаталдығы болмағанымен, 2 ші жағы еңбекқорлығың, қарапайымдылығың мен мейірімге толы жүрегің, жығылып жатсаңда сынып кетпейтінің, бұл ұқсастығың болмағанда 20 жыл праймда жүрмес па едің. Екеуің де аман болыңдар, менің бағыма», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» атты концерті 22 қарашада Атырау қаласындағы Жайық мәдени-спорт кешенінде өтті.
