Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Ақерке Арыс: Мереке Қалбаеваның киносын сынағандар оны көрмеген • Маскүнемнің мисыздығы: Қызылордада 2 қызды қорғаған жігіттің өзі пышақталды (ВИДЕО) • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды • Құбыр тартудың қиындығы: Қарағанды облысында тұрғындар батбаққа батып отыр • «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО) • Ақерке Арыс: Мереке Қалбаеваның киносын сынағандар оны көрмеген • Маскүнемнің мисыздығы: Қызылордада 2 қызды қорғаған жігіттің өзі пышақталды (ВИДЕО) • Тоқаев: NVIDIA-мен ынтымақтастық жасанды интеллектті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады • Алтынмен көмкеріп, ипотекасын да төлеген: ақтөбелік келіншекке үйленбек болған қытайлық жігіт 30 миллион теңгесінен айырылды •

    «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО)

    «Жеңілістен кейінгі көз жас…»: Бибісара Асаубаеваның анасы қызының жарысын көрме алмайтынын айтты (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Бибісара Асаубаеваның анасы желідегі парақшасында қызына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ол қызының шахматтан турнирлеріне қатысып, көрмейтінін айтты.

    «Будапешттегі әр таңым бірдей басталатын. Сараны турнир өтетін залға дейін шығарып салып, құшақтап, бірнеше ауыз сөз айтып, содан кейін кететінмін.

    Оның ойындарын тамашалай алмаймын. Бірнеше рет тырысып көрдім, бірақ әр жүрісі жүрегімнен өткендей әсер етеді.

    Сондықтан қаланы аралап кететінмін. Дунай, көпірлер, ескі көшелер… Ал телефон үнемі қолымда. Трансляцияны ашамын, қайта жабамын. Арада бес минут өтсе, тағы қараймын.

    Спортшының анасы болғандар мені түсінер. Жылдар бойы балаңның жанында жүресің: жаттығулар, сапарлар, жеңілістен кейінгі көз жасы… Ал ең маңызды сәтте оған еш көмектесе алмайсың. Тек сенім арту ғана қалады.

    Кешке Сара залдан шыққанда, оның жанарынан бәрін аңғарамын. Сол сәтте ғана қайтадан еркін тыныс ала бастаймын.

    Будапешт өте әдемі қала. Бірақ мен үшін оның ең әдемі жері – қызым», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →