Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден озды
Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов дүниеден озды. Ғалым Қазақстанда антропология ғылымының негізін қалаған.
Сурет: Instagram / «Хабар» телеарнасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов қайтыс болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол ғұмырын қазақ халқының антропологиялық тарихын, этногенезі мен тарихи сабақтастығын зерттеуге арнады. Ғалым Қазақстанда антропология ғылымының негізін қалап, ұлттық тарихымызды терең тануға өлшеусіз үлес қосты. Ол бірнеше буын зерттеушілерге бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаз ретінде танылды.
«Хабар» агенттігінің ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.
