«Зенит» Алиппен бірге 17 жыл бұрынғы антирекордты қайталады
«Зенит» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің қатысуымен Ресей Премьер-лигасының бірінші айналымында төрт жеңіліс тауып, 2009 жылдан бергі антирекордты қайталады.
Сурет: sports.kz
Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің қатысуымен Ресей Премьер-лигасының бірінші айналымында төрт рет жеңіліс тапты. Бұл — 2009 жылдан бергі алғашқы оқиға.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Opta статистикалық порталының деректеріне сәйкес, соңғы рет «Зенит» 15 турдан кейін төрт жеңіліске 2009 жылғы маусымда ұшыраған. Ол кезде петербургтіктер бірінші айналымды Дик Адвокаттың жетекшілігімен аяқтап, чемпионат қорытындысы бойынша қола медальға қол жеткізген болатын.
Ағымдағы маусымда «Зенитке» төртінші жеңілісті Қазанның «Рубині» жасады — өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Әліп қонақтардың негізгі құрамында алаңға шығып, матчты толық өткізді.
15 турдан кейін «Зенит» 31 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Дәл сонша ұпай Мәскеудің «Динамосында» да бар — ол екінші орында және бір матчы қорда. 28 қарашада петербургтіктер сырт алаңда ЦСКА-мен кездеседі. Ойын басталуы — 18:30-да.
