Әділжан Жаудинов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды
Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Ташкенттегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 100 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін күресіп, бесінші орынмен аяқтады.
Сурет: ҰОК
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов бақ сынады. Жерлесіміз 100 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін күреске түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Шешуші белдесуде Әділжан Эстония өкілі Марек-Адриан Масакпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша ол әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың қоржынында бір алтын, бір қола медаль бар. Бұған дейін Санжар Еруланұлы жеңімпаз атанса, Асқар Біржанов (100 келі) үшінші орын алған еді.
