Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 21 қараша 2026 $ 453,0↑€ 497,7↑₽ 5,54↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рүстем Жүгінісовтің «ухти» сөзіне қатысты видеосы желіде талқыға түсті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • Маңғыстау полициясы балалар мен жастар қатысатын іс-шараларды ерекше бақылауға алды • Двалишвили: Александр Топурия сөзсіз UFC чемпионы болады • Қазақстанда риелторларға қызмет тапсырмаған клиенттен комиссия алуға тыйым салу ұсынылды • Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирі алдында Кёдзи Хоригутимен көзқарас айқасын өткізді • Рүстем Жүгінісовтің «ухти» сөзіне қатысты видеосы желіде талқыға түсті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • Маңғыстау полициясы балалар мен жастар қатысатын іс-шараларды ерекше бақылауға алды • Двалишвили: Александр Топурия сөзсіз UFC чемпионы болады • Қазақстанда риелторларға қызмет тапсырмаған клиенттен комиссия алуға тыйым салу ұсынылды • Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирі алдында Кёдзи Хоригутимен көзқарас айқасын өткізді •

    Рүстем Жүгінісовтің «ухти» сөзіне қатысты видеосы желіде талқыға түсті

    Рүстем Жүгінісовтің әйеліне «ухти» сөзін қолданбай, «сіңлім», «әпкем» деуді ұсынған видеосы желіде қызу талқыға түсті. Қолданушылар әзіл мен сын пікірлерін жаудырды.

    Рүстем Жүгінісовтің «ухти» сөзіне қатысты видеосы желіде талқыға түсті

    Фото: видеодан скрин

    Желіде әнші Ағайынды Жүгінісовтардың үлкені Рүстем Жүгінісовтің айтқан сөзі қызу талқыға түсті. Бұрынғы әнші, бүгінде блогер әрі кәсіпкер Рүстем Жүгінісовтің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы қызу талқыланып жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кадрда ол жанында келе жатқан әйеліне «ухти» сөзін қолданбай, оның орнына «сіңлім», «әпкем» деген сөздерді айтуды ұсынады. Алайда желі қолданушылары оның бұл ескертуін әзіл мен сарказмға балап, түрлі пікір қалдырған. Кейбір оқырмандар экс-әншінің қазіргі келбетін де сынға алған.

    «Екеуі де керемет өнер адамдары еді. Түрлері не болып кеткен?!», «Никаб кигізіп қойыпты», «Мысқылдап келе жатыр ғой өз тіліне» деген пікірлер де кездеседі.

    Айта кетейік, Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жары — дәстүрлі әнші Айжан Қырықбаева. Ал видеодағы жүзін қара никабпен жапқан әйел оның екінші жұбайы болуы мүмкін деген болжамдар әлеуметтік желіде тарады. Сондай-ақ кейбір дереккөздерде блогердің алғашқы әйелімен ажырасқаны туралы ақпарат айтылып жүр. Алайда бұл мәліметтерді әзірге ресми түрде расталмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →