Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Арайлым Амангелді Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қарсы шықты

    Актер Мейірғат Амангелдінің жары Арайлым Амангелді әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінің сөздеріне қарсы шығып, жазба жариялады, кейін оны өшірді.

    Арайлым Амангелді Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қарсы шықты

    Фото: коллаж Sn.kz

    Актер Мейірғат Амангелдінің жары Арайлым Амангелді әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі айтқан сөздерге қарсы шықты. Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Жатыры құтырған қатыңдар мен отбасын төсекке сатқан еркектерден Абайлар тумайтынын жеткізе салыңдаршы, плиз! Абай да Құнанбайдың екінші әйелінен туылды ғой деп өзін Ұлжанға теңеп отырған шығар… „Абай жолын“ оқып, Ұлжан бейнесімен тереңінен таныссын, қара қатын! Ол 17 жасында әйелі тірі, бала-шағасы бар еркекке етегін ашпаған! Ол қара қатынның бұзылған жатырынан шыққан балалары анасы олар дүниеге келгенше жиған қарманың нәтижесі болады. Абай дейтіні ше. Бетсіз, тексіз деген осы ғой… Сол бетсіздігімен жеткені ғой бұл күнге… Оны әдемілеп тағдырға жабады. Елдің алғысы да, қарғысы да адамға әсер!» деп жазды ол.

    Ол Айман Талғатқызының «неке куәлігі бір жапырақ қағаз, Алла алдында ақпыз» деген сөзіне ашуланған.

    «Болды күйеу өзіне кетті. Балалар бәрін қойғанда адамның бетсіздігі, тексіздігі мына нәрсені айта алғанына таңмын. Адамның ақ некесін, одан туылған балалар, ол өткен жол бәрін жоққа шығарып, менімен ақ некеге отырған, бір жапырақ үкіметтің қағазы, деу… Мен оның бірінші әйелімін деп оны өтірік құрастырып, ол соған сеніп тұр ғой. Біз неге үнсіз болуымыз керек? Ол әйелді барлық желіден жоқ қылу керек. Соған ішім ашып тұр», деді Арайлым.

    Артынша актердің жары бұл жазбаларын парақшасынан өшіріп тастады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →