Freedom Bank қосымшасы істен шықты: клиент банк сайтына да кіре алмаған
Фото: Threads
Freedom Bank қызметіне қатысты әлеуметтік желіде шағым жарияланды. Threads қолданушысы @a.1ina71 банктің мобильді қосымшасы екі сағат бойы жұмыс істемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.
Оның айтуынша, банк сайты да ашылмай, қолдау қызметіне хабарласу мүмкін болмаған. Жарияланған суреттерде қосымшаның серверге қосыла алмағаны, ал сайтта техникалық қате шыққаны көрінеді.
Бұған жауап берген Freedom SuperApp өкілдері жүйеде жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілгенін айтып, қосымшаның қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Алайда клиенттер ақшасын сеніп тапсырған банктің цифрлық қызметі неге істен шыққаны және мұндай ақаулардың қайталанбауына қандай шара қабылданатыны туралы сұрақ ашық қалып отыр.
