Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов ұлттық құрама бапкерлерін әзілмен түйреді • Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде • Британ империясының марапатын алған қазақстандықтар • Путин мен Трамп Аляска саммитінен кейін алғаш рет қол алысты • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Қарағандыда аялдама саламыз деп, жаяу жүргіншілер жолын қиратып кеткен • Қуат Хамитов ұлттық құрама бапкерлерін әзілмен түйреді • Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде • Британ империясының марапатын алған қазақстандықтар • Путин мен Трамп Аляска саммитінен кейін алғаш рет қол алысты • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Қарағандыда аялдама саламыз деп, жаяу жүргіншілер жолын қиратып кеткен •

    Қуат Хамитов ұлттық құрама бапкерлерін әзілмен түйреді

    Қуат Хамитов әлеуметтік желіде ұлттық құрама бапкерлерінің статистикасын әзілмен салыстырып, өзін «бапкер» ретінде қосып, фантастикалық нәтиже жазды.

    Қуат Хамитов ұлттық құрама бапкерлерін әзілмен түйреді

    Танымал қазақстандық ММА жауынгері Қуат «Найман» Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлеріне қатысты әзіл-шыны аралас жазба жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Спортшы Instagram-дағы Stories бөлімінде ұлттық құраманы жаттықтырған бапкерлердің нәтижелері көрсетілген инфографиканы бөлісті. Суретте Магомед Адиев, Станислав Черчесов және Джон ван’т Схиптің кезіндегі команданың көрсеткіштері берілген:

    Магомед Адиев: 10 жеңіс, 1 тең ойын, 9 жеңіліс;
    Станислав Черчесов: 0 жеңіс, 1 тең ойын, 5 жеңіліс;
    Джон ван’т Схип: 0 жеңіс, 3 тең ойын, 3 жеңіліс.

    Аталған тізімнің ең соңына Қуат Хамитовтың өзі «бапкер» ретінде қосылып, оның тұсына ойдан шығарылған «100 жеңіс, 5 тең ойын, 0 жеңіліс» деген фантастикалық статистика жазылған.

    «Қазақстан футболын шын мәнінде міне, кім құтқарады», — деп жазды файтер жарияланымның астына күліп тұрған смайликтер қосып.

    Еске сала кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболдың деңгейі мен оған бөлінетін қаржыны талай мәрте сынға алып, қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →