Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде • Британ империясының марапатын алған қазақстандықтар • Путин мен Трамп Аляска саммитінен кейін алғаш рет қол алысты • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Қарағандыда аялдама саламыз деп, жаяу жүргіншілер жолын қиратып кеткен • Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Айманның жазбасына астарлы жауап берді • Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде • Британ империясының марапатын алған қазақстандықтар • Путин мен Трамп Аляска саммитінен кейін алғаш рет қол алысты • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Қарағандыда аялдама саламыз деп, жаяу жүргіншілер жолын қиратып кеткен • Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Айманның жазбасына астарлы жауап берді •

    Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде

    Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті. Басты рөлді Дэвид Бэкхэмнің ұлы Ромео сомдады. Фильмде Гийом Кане мен Катрин Денев те ойнайды.

    Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде

    Фото: instagram.com/romeobeckham, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

    Парижде «Счет 40:0» (Forty Love) спорттық драмасының премьерасы өтті. Ондағы басты рөлдердің бірін Дэвид пен Виктория Бэкхэмнің ұлы Ромео сомдады. Kursiv LifeStyle басылымы толығырақ мәлімет жинады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Фильмнің сюжеті екі теннисшінің қарсыластығына құрылған. Саша Галло (Поль Киршер) Париждегі беделді кубокты жеңіп алу үшін әкесінің жетекшілігімен жаттығады. Кенеттен оған Бэкхэм сомдаған қарсылас пайда болады. Олардың қарсыластығы бірте-бірте романтикалық сезімге ұласады. Фильмде сондай-ақ Гийом Кане мен Катрин Денев ойнады.

    Ромео Бэкхэм де кәсіби теннисші болуға тырысқан, бірақ соңында сән индустриясында дамуды таңдады. Ол модель және люкс брендтердің, соның ішінде Yves Saint Laurent пен Balenciaga-ның елшісі ретінде жұмыс істеді. 24 жастағы жұлдызды жұптың ұлы толықметражды киноға тұңғыш рет түсті.

    Премьераға оның атақты ата-анасы мен сүйіктісі Ким Тернбулл келді.

    «Так горжусь тобой, друг, ты видишь вызов и принимаешь его», — деп жазды бұрынғы футболшы өзінің Instagram парақшасында.

    Дэвид Бэкхэм жұбайымен бірге көрермендер залынан фото жариялады. Артқы фонда фильмнің титрлері көрінеді.

    Бұған дейін Kursiv LifeStyle Бэкхэм-ағаның үлкен ұлы Бруклинмен болған жанжалды түсіндіруден бас тартқанын жазған еді. Ол отбасымен барлық байланысын үзген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →