Қазақстан дзюдошылары Загребтегі Гран-при турнирінде үш медаль алды
Загребтегі дзюдодан Гран-при турнирінің бірінші күні Қазақстан құрамасы үш медаль алды: Нұрқанат Серікбаев алтын, Аман Бақытжан мен Галия Тыңбаева күміс жүлдегер атанды.
Сурет: inbusiness.kz
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан беделді Гран-при сериясы турнирінің бірінші күні Қазақстан құрамасы үш жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат Серікбаев құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Шешуші финалдық белдесуде ол Бразилия өкілі Роналд Лиманы сенімді түрде жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Құраманың тағы екі мүшесі алтыннан бір қадам қалды. 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан финалға дейін жетіп, Тайбэй спортшысы Янг Юнг Вэйге есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Дәл осындай нәтижені әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақта Галия Тыңбаева көрсетті: бірінші орын үшін белдесуде ол итальяндық Ассунта Скуттодан ұтылып, құрамаға тағы бір күміс медаль әкелді.
