Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 16 қараша 2026 $ 444,6↓€ 490,1↓₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мирра Андреева Елена Рыбакинаның көшбасшылығына қауіп төндірді • Қазақстан дзюдошылары Загребтегі Гран-при турнирінде үш медаль алды • Свитолина — Андреева: WTA қорытынды турнирінің финалында бірінші сет аяқталды • Жібек Құламбаева Колумбиядағы WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстандық киберспортшы Molodoy Counter-Strike 2 турнирінде жеңіске жетті • Ресей хоккей федерациясы IIHF-тің 2027 жылғы жастар чемпионатына жібермеу шешіміне наразылық білдірді • Мирра Андреева Елена Рыбакинаның көшбасшылығына қауіп төндірді • Қазақстан дзюдошылары Загребтегі Гран-при турнирінде үш медаль алды • Свитолина — Андреева: WTA қорытынды турнирінің финалында бірінші сет аяқталды • Жібек Құламбаева Колумбиядағы WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстандық киберспортшы Molodoy Counter-Strike 2 турнирінде жеңіске жетті • Ресей хоккей федерациясы IIHF-тің 2027 жылғы жастар чемпионатына жібермеу шешіміне наразылық білдірді •

    Жібек Құламбаева Колумбиядағы WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды

    Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында Вероника Эрьявецпен бірге жеңімпаз атанды. Бұл оның биылғы сегізінші титулы.

    Жібек Құламбаева Колумбиядағы WTA 125 турнирінің жеңімпазы атанды

    Сурет: ernur.kz

    Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Жұптық сында ол словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Финалдық кездесуде олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшек жұбын 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңді.

    Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші және WTA 125 санатындағы турнирлердегі екінші титулы болды. Қыркүйек айында қазақстандық теннисші австралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыстың жұптық сынында топ жарған болатын.

    Жалпы, 2026 жылы Құламбаева жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) турнирлерінде тіркелді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында жеңімпаз атанды.

    Колумбиядағы табысты өнерінің арқасында Жібек Құламбаева жұптық сындағы әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартады. Дүйсенбі, 16 қараша күні қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 86-орынға көтеріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →