Қазақстандық киберспортшы Molodoy Counter-Strike 2 турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенко (Molodoy) Гонконгте өткен Counter-Strike 2 турнирінде FURIA сапында жеңіске жетіп, үшінші титулын иеленді.
Фото: Instagram.com/@danil.molodoy
Гонконгте өткен Counter-Strike 2 турнирінің гранд-финалында қазақстандық Даниил Голубенко ойнайтын команда Team Spirit ұжымын карталар бойынша 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл туралы Спорт Шредингера басылымы хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
FURIA үшін бұл — қатарынан үшінші чемпиондық титул. Бұған дейін ұжым Thunderpick World Championship 2026 және PGL Masters Bucharest 2026 турнирлерінде топ жарған болатын.
Финалдық матчта Голубенко 1,3 рейтинг көрсетті. FURIA сапындағы ең үздік нәтижені оның командаласы Кайке Серато — 1,68 көрсеткішімен тіркеді. Турнир қорытындысы бойынша Данил molodoy Голубенко үздік ойыншылар тізіміне енді.
Еске салайық, Molodoy мансабын Қазақстандағы жергілікті компьютерлік клубтарда бастап, 2025 жылы бразилиялық FURIA Esports ұйымына ауысқан еді. Алғашқы маусымның өзінде ол әлемнің үздік ойыншылары қатарына қосылып, HLTV Awards нұсқасы бойынша «Жыл жаңақыры» сыйлығын алды.
