Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді

    Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакардағы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында өзбекстандық Сабрина Чакомановаға 0:5 есебімен жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізді.

    Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді

    Фото: ҰОК

    Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық боксшы Марал Төлепберген жартылай финалда жеңіліс тапты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол өзбекстандық Сабрина Чакомановамен қолғап түйістірді. Төрешілердің шешімімен өзбекстандық спортшы 5:0 есебімен басым түсті.

    Осылайша, Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен қорытындылады.

    Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) мен Бибарыс Әшірбай (70 келі) ақтық сынға жолдама алғанын атап өткен жөн.

    Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес жүлде бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →