Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды

    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam дзюдо турнирінде 81 келіде бесінші орын алды. Қола үшін белдесуде словениялық Игорь Цурканға жол берді.

    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды

    Фото: Gabriela Sabau / ijf.org

    Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы дзюдо турнирінде қазақстандық Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынға тұрақтады. Қола медаль үшін белдесуде ол словениялық Игорь Цурканға жол берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қайролла жарысты бразилиялық Габриэль Фалкаоны жеңумен бастап, кейін украиналық Владислав Колобовты ұтты. Ширек финалда қазақстандық Молдова өкілі Петру Пеливанмен кездесіп, жеңіліс тапты. Осыдан кейін ол жұбаныш торы арқылы өнер көрсетуді жалғастырды.

    Онда Қайролла қырғызстандық Чыңғызхан Сағыналиевті жеңіп, үшінші орын үшін күресу құқығына ие болды. Медальдық белдесуде Цуркан басым түсті. Осылайша, қазақстандық жарысты бесінші позицияда аяқтады.

    Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде Қазақстанның жалғыз медалін Талғат Орынбасар жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақта ол қазақстандық қола жекпе-жегінде олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңді. Сметов соңында бесінші орынды иеленді, Гусман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақта жетінші болды.

    Айта кетейік, Grand Slam сериясындағы дзюдо турнирі Абу-Дабиде (БАӘ) 29-31 қазан аралығында 59 елден 374 спортшының қатысуымен өтуде. Барлығы 14 медаль жиынтығы (ерлер мен әйелдер арасында жетіден) сарапқа салынады. Қазақстан құрамасын жеті спортшы қорғайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →