Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті әуежайдан отбасы күтіп алған видео әлеуметтік желіде кең тарап, қолданушылардың жылы лебізіне ие болды.
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті әуежайдан жақындары күтіп алған сәттің видеосы кең тарады. Жазба желі қолданушыларын тәнті етті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Видеода спортшыны әуежайдан отбасы мүшелері қарсы алғаны түсірілген. 31 жастағы танымал дзюдошы — бес баланың әкесі. Желі қолданушылары спортшының халықаралық аренада жоғары марапаттарға қол жеткізіп қана қоймай, отбасына қамқор әке болуға да уақыт табатынын атап өтті.
Жазба авторлары мен видеоны көргендер спортшының отбасылық құндылықтары мен жетістіктеріне ерекше сүйсінген.

«Елдос Сметов – татамидегі чемпион, ал үйінде қамқор әке. Оның басты күші мен мотивациясы – бес баласы. Нағыз чемпиондар тек медаль үшін ғана емес, отбасы үшін де күреседі», – делінген видео сипаттамасында.
Желі қолданушылары видеоны бір-бірімен бөлісіп, спортшыға жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Сондай-ақ оны өскелең ұрпаққа үлгі болатын азамат ретінде бағалаған.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
