Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді
Қуат Хамитов Душанбедегі АСА 209 турнирінде ресейлік Алексей Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби мансабындағы 29-шы жеңісін тойлады.
Видеодан кадр
Душанбеде (Тәжікстан) өткен аралас жекпе-жектен АСА 209 турнирінде қазақстандық Қуат Хамитов (28-8-2) өнер көрсетті. Ол ресейлік файтер Алексей Махномен (29-17) кездесті. Жартылай орта салмақтағы бұл жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Алайда ол Хамитовтың екінші раундтағы техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Осылайша Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 29-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Алексей Махно 18-ші жеңілісін тартты. Енді кәсіби аралас жекпе-жекте Хамитов үш жеңісі қатарынан байқауда.
