Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) • Жатақханадан медициналық пунктке дейін: «Қазақмыс» жұмыскерлерге арналған нысандарды жаңартуда • Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасаның қарашадағы ойындарына қатыспайды • Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) • Жатақханадан медициналық пунктке дейін: «Қазақмыс» жұмыскерлерге арналған нысандарды жаңартуда • Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасаның қарашадағы ойындарына қатыспайды • Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады •

    «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

    «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

    Фото: Үкімет

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстанды құруды басты мақсат ретінде айқындады.

    «Оған қол жеткізу үшін еліміздің мол әлеуеті мен қазіргі заманғы инновациялық жағдайда ашылып отырған орасан зор мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануымыз қажет», – деді Олжас Бектенов.

    Үкімет басшысының сөзінше, Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы экономиканың барлық саласында түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер жүргізуге және реформаларды іске асыруға жол ашады. Сонымен қатар бұл жалпыхалықтық жоба жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға тың серпін бермек.

    «Бұл Жолдау – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат. Оны жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуіміз керек», – деп атап өтті Үкімет басшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →