Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті •

    Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды

    Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қатысты.

    Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды

    Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Орал қаласында Республика күні қарсаңында «Хан тоғайы» экологиялық саябағының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, табиғат жанашырлары, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өңірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарға демалыс үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Жаңа экологиялық саябақ – осы мақсаттардан туындаған маңызды жобалардың бірі.

    Жайық пен Шаған өзендерінің қосылған жерінде орналасқан «Хан тоғайы» өңір тарихымен тығыз байланысты, бай шежірелі мекен. 1812 жылы осы аумақта Бөкей сұлтанды хан көтеру рәсімі өткен. Кейін оның ұлы Жәңгір де осы жерде хан тағына отырған.

    Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің Республика күніне арналған мерекелік құттықтауын жеткізді. Ол жаңа нысанның ашылуы тарихи мекенге деген құрметтің көрінісі екенін атап өтті.

    «Хан тоғайы» – халқымыздың тарихымен сабақтасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұрамыздың бір бөлігі. Осындай тарихи әрі табиғи байлықты сақтау, абаттандыру және келешек ұрпаққа аманат ету – ортақ міндетіміз. Жаңа эко-саябақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін», – деді Қалияр Айтмұхамбетов.

    Жеке инвестициялар есебінен және орман шаруашылығы мекемелерінің қолдауымен жасақталған саябақта демалыс орындары, шаңғы жолдары, балаларға арналған сырғанақтар мен ойын алаңдары, алтыбақан, фотоаймақ және шахмат тақталары орналастырылған. SAYAT этнотуристік орталығы саябақты күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады.

    Салтанатты шарадан соң саябақ аумағында ағаш егу шарасы ұйымдастырылды. Жас көшеттерді қоса есептегенде мұнда биыл 500-ге жуық емен, терек және қарағай отырғызылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →