Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды •

    Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда

    Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық-қорғау аймағындағы үйлер мен жер учаскелерін көшіру мәселесі қарастырылуда. Арнайы комиссия құрылып, тұрғындармен кездесу жоспарлануда.

    Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда

    Фото: anpz.kz

    Атырауда Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық-қорғау аймағына кіретін үйлер мен жер учаскелерінің иелерін көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алу және тұрғындарға өтемақы төлеу мәселелерін шешу үшін арнайы комиссия құрылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, санитарлық-қорғау аймағының шекарасы атмосфералық ауаны бір жыл бойы зерттеу және физикалық факторларды өлшеу нәтижелері негізінде белгіленген. Зерттеуді «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» жүргізген.

    22 қазанда өңірде ведомствоаралық жұмыс комиссиясы жасақталды. Оның құрамына атқарушы органдардың, мұнай өңдеу зауытының өкілдері мен жергілікті белсенділер кірді.

    Қазір әкімдік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, алынуға жататын жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушыларының тізімін нақтылап жатыр. Жылжымайтын мүлік нысандарының түпкілікті тізімі мен олардың құқықтық мәртебесі барлық заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін жарияланады.

    Сонымен қатар 2026 жылдың қараша айының ортасында әкімдік пен зауыт өкілдері жақын маңдағы аудандардың тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Жиында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, комиссия жұмысының аралық қорытындылары таныстырылады.

    Айта кетейік, соңғы уақытта Атырау тұрғындары ауадағы жағымсыз иіске байланысты бірнеше рет шағымданған. Тіпті кейбір тұрғындар терезені жауып отырса да, тыныс алудың қиындайтынын айтқан. Бұған дейін Экология министрлігі ауадағы күкіртсутектің ықтимал көздері ретінде мұнай өңдеу зауытын, кәріз нысандарын және «Квадрат» булану алаңын атаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →