Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті
Петропавлда 22 жастағы қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, 69 жастағы ер адам жүргізген Volkswagen қағып кетті. Полиция оқиға мән-жайын түсіндірді.
Фото: freepik
Петропавлда қозғалыстағы көліктен секіріп түскен қызды басқа автокөлік қағып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жігіттің 22 жастағы қызды ұрып-соғып, көліктен жолға лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған.
Полиция мәліметінше, қыз Семейден танысына қонаққа келген. Екеуі қала ішінде көлікпен келе жатқанда, жігіт оны сүймек болған. Қыз оны итеріп жіберіп, қозғалыстағы көліктен өзі секірген.
Сол сәтте жолға түскен бойжеткенді 69 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан Volkswagen қағып кеткен.
Қыз ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Полиция оның арыз жазбағанын хабарлады.
