Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр • Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды • «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді • «Жарқын бейнесі есімізде»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды (ВИДЕО) • Қостанайда 100 шақырымдық бәйге өтеді • Сәкен Сейфуллиннің туғанына 132 жыл: ақын, саясаткер, репрессия құрбаны • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр • Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенділер қызметінен айырылып қалды • «Атырау» бірде-бір матчқа қатыспаған легионерге 19 миллион теңгеден астам ақша төлейді • «Жарқын бейнесі есімізде»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуін еске алды (ВИДЕО) • Қостанайда 100 шақырымдық бәйге өтеді • Сәкен Сейфуллиннің туғанына 132 жыл: ақын, саясаткер, репрессия құрбаны •

    Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр

    Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жөндеу жүргізіп жатыр

    Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының конвертерлеріне жоспарлы жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында балқыту цехының негізгі агрегаттарының бірі – №1 конвертерді күрделі жөндеу аяқталуға жақын. Бұл жабдық штейн өңдеуге және тазартылмаған мыс алуға арналған. Жөндеу жұмысына 396,9 млн теңге бөлінді.

    Жұмыс 1 қазанда басталды. Осы уақыт аралығында мамандар конвертердің футеровкасын толық ауыстырып, қаңқасын дәнекерлеу жұмысын жүргізді, сондай-ақ №2, №3 және №4 бронь тақталарын жаңартты. Жөндеудің негізгі мақсаты – агрегаттың техникалық жай-күйін қалпына келтіріп, сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

    Жезқазған мыс балқыту зауытының балқыту цехында төрт конвертер жұмыс істейді. Оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысы жоспарлы-алдын алу жөндеуінің (ЖАЖ) жылдық кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ағымдағы жөндеу жұмысы бекітілген бюджет шеңберінде, ал күрделі жөндеу инвестициялық бағдарламаға сәйкес орындалады. Әр конвертердің жөндеуаралық циклы 160 балқыманы құрайды.

    №1 конвертердегі жұмыс аяқталғаннан кейін №2 конвертерге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оны 20 қазанда тоқтату көзделген. Одан кейін 7 қарашада №3 конвертерді тоқтатып, жөндеу жұмысы жүргізіледі. Жөндеуді кезең-кезеңімен орындау жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді өндірістік кестеге сәйкес жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Еске салайық, бұған дейін Қазақмыс 2026 жылы Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлетіні хабарланған болатын. Жабдықтарды жаңарту және жоспарлы жөндеу жұмысын жүргізу өндірістік қуаттардың сенімділігін арттыруға әрі технологиялық үдерістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →