Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады •

    «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды

    «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды
    Фото: Қазақмыс

    Ұлытау облысындағы Қазақмыс кәсіпорындарының жұмыскерлері Жезқазған қаласында өткен ауқымды экологиялық акцияға қатысып, 5 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызды. Көгалдандыру жұмысы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Терек, қарағаш, шаған, үйеңкі және сары қараған көшеттері қаланың батыс бөлігіндегі тұрғын алабының қорғаныш орман белдеуіне, сондай-ақ Жезқазған-Сәтбаев автожолының бойына отырғызылды.

    Жұмыс «Қазақмыс» компаниясы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Отырғызу алдында мамандар аумақты дайындап, көшет егілетін орындарды әзірледі.

    Жаңа жасыл желек қорғаныш аймақтарын қалыптастыруға, қалалық ортаны жақсартуға және автомобиль жолына іргелес аумақты көгалдандыруға мүмкіндік береді. Өңірдің қуаң климатын ескерсек, ағаштардың жерсінуін қамтамасыз етіп, оларды күтіп-баптаудың маңызы зор.

    «Таза Қазақстан» экологиялық бастамаларына қатысу Қазақмыс жұмыскерлерін ортақ мақсатқа біріктіреді. Бұл – өңірдегі қалалар мен елді мекендерді жасыл желекке оранған және өмір сүруге қолайлы ортаға айналдыру.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →